Жаңалықтар

7 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Олландқа Француз Республикасының Президенті сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Жоғары Мәртебелі,

Сізді Франция Президенті лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жеңіс Франция халқының Сізге және Сіздің ұсынған жоспарларыңызға деген сенімінің айғағы деп санаймын.

Биыл Қазақстан мен Франция тең құқылы, жан-жақты және жемісті ынтымақтастықтың 20-жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздігіміздің таңында Франция Президенті Франсуа Миттеран батыс басшыларының бірінші қатарында Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Өзге ядролық мемлекеттермен бірге Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік берген Франция, біздің елге үнемі қолдау көрсетіп келеді.

Бүгінде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар жоғары сатыға, яғни стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріліп отыр.

Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта дамуы туралы Сізбен жақын арада жеке кездесу барысында сұхбаттасуға ниеттімін.

Жоғары мемлекеттік міндетті атқаруда Сізге зор табыс пен сәттілік, ал достас француз халқына өрлеу мен өркендеуді тілеймін.

 

Құрметпен,

Нұрсұлтан Назарбаев

Астана, Ақорда


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар