Жаңалықтар

10 қазан 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Рашид Түсіпбековті қабылдады.

Р. Түсіпбеков Президентке заң жобалары қызметі, зияткерлік меншік пен атқарушы өндіріс саласындағы істердің жай-күйі, сондай-ақ Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жақсарту мен қысқарту бөлігіндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы хабарлады.

Атап айтқанда, министр заң жобаларымен жұмыстың сапасын арттыру үшін Әділет министрлігі қабылдаған шаралар туралы, Үкіметтің 2011 жылға арналған заң жобаларымен жұмысы Жоспарының орындалу жағдайын баяндады.

Сонымен қатар Әділет министрі Мемлекет басшысына мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді қысқарту және адвокаттық, нотариалдық және бағалау қызметтеріне рұқсат беру кезінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар бойынша министрліктің жұмысының нәтижелері туралы баяндап берді.

Р. Түсіпбеков ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап адвокаттық, нотариалдық және бағалау қызметтері саласындағы лицензия тек қана электронды түрде беріле бастағанын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы әділет органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар