Жаңалықтар

13 ақпан 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары шеңберінде БАӘ-нің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянмен кездесіп, келіссөздер өткізді. Оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

01

02

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары шеңберінде БАӘ-нің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянмен кездесіп, келіссөздер өткізді. Оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянды мемлекет құрылғанының 40-жылдық мерейтойымен құттықтады және достас Біріккен Араб Әмірліктерінің халқына құт-береке мен гүлдену тіледі.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның араб және мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі болып табылатынын ерекше атап өтті.

Тараптар Таяу Шығыс және Солтүстік Африка өңіріндегі көкейтесті проблемалар бойынша ұстаным ұқсастығын атап өтті. Атап айтқанда, Сириядағы жағдайды талқылай келе, мемлекет басшылары жағдайды тұрақтандыру мақсатында және қарулы қақтығысты болдырмау үшін дипломатиялық іс-шараларды қолдану қажеттігін атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Иран, сондай-ақ Сирия төңірегіндегі ахуалды шұғыл тұрақтандыру қажеттігін қолдайтынын, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымындағы төрағалығы шеңберінде белсенді жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бар әлеуетті жоғары бағалады. Мемлекет басшысы ағымдағы жылы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толатынын атап өтті.

Тараптар 2011 жылғы қарашада Абу Дабиде жемісті өткен Қазақстан-Әмірліктер үкіметаралық комиссиясының 5-отырысының нәтижелерін оң бағалады, сондай-ақ үкіметаралық комиссияның кезекті 6-отырысын ағымдағы жылдың екінші жартысында Қазақстанда өткізу ниеттерін қуаттады.

Атап айтқанда, дипломатиялық паспорттары бар екі ел азаматтарының визасыз сапарлары жөніндегі үкіметаралық келісімнің күшіне енуі екіжақты ынтымақтастықты белсендіруге күшті серпіліс берді.

Орын алған келіссөздер кезінде жуық арада кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келсімдерге қол қою, сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе қатынасы туралы келісімнің жобасы бойынша келіссөздердің кезекті кезеңін өткізу үшін осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Тараптар ірі инвестициялық жобалар бойынша уағдаластықтардың жемісті орындалуын еркеше атап өтті. Қазақстан Президенті қазіргі уақытта «Алдар Пропертиз» компаниясы жүзеге асырып жатқан «Абу Даби Плаза» көпфункционалды кешен жобасы нақты құрылыс жұмыстарына көшкенін айрықша атап көрсетті. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев жобаның кешен құрылысы туралы үкіметаралық келісімде белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асатынына үміт артты.

Тараптар бұрынғы кеңестік өңірде тұңғыш ислам банкі «әл-Хилял» банктің Қазақстандағы жемісті қызметіне қанағаттанушылық танытты. Астана және Алматы қалаларынан кейін Шымкентте үшінші филиалының ашылуы, Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан банктің жұмысы белсенді жүріп жатқандығының айқын дәлелі бола алады.

Тараптар Қазақстан-Әмірліктер «Әл-Фалах» қоры жұмысының басталғаны қанағаттанушылықпен атап өтілді. Мемлекет басшысы жақын уақытта қор Қарағанды жылуэлектр централы қуатын кеңейтуге инвестиция салуға ниеттеніп отырғанын хабарлады.

Өз кезегінде, БАӘ Президенті екіжақты ынтымақтастықтың қарқынына қанағаттанушылық танытты және Әмірліктердің Қазақстанмен мұнай-газ және мұнай-химия салаларында жемісті ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін атап өтті. Әмірліктер тарабы біздің еліміздің ауыл шаруашылығы саласына ерекше қызығушылық танытуда. Өткен жылы Қазақстанда астықтың мол жиналғанын ескере отырып, әмірліктер тарабы қазақстандық бидайды экспорттау мәселесін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Екі елдің арасында сауда-экономикалық және инвестиялық ынтымақтастықты дамытуда шағын және орта бизнес өкілдері белсенді рөл атқаруы қажет. Тараптар Қазақстан-Әмірліктер Іскерлік кеңесі арқылы шағын және орта бизнес өкілдері арасында әріптестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдай тудыру және оларға қолдау көрсету керектігін атап өтті.

БАӘ Президентімен кездесу барысында Мемлекет басшысы Астана қаласының кандидатурасы 2017 жылғы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге ұсынылғанын хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев ірі халықаралық іс-шараны өткізуге Астананың кандидатурасына БАӘ тарабынан қолдау білдірілуі, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға зор үлес болатынын атап өтті.

БАӘ-де Жаңғырмалы энергия көздері жөніндегі халықаралық Агенттіктің штаб-пәтері орналасқан, «Масдар» компаниясы БАӘ Үкіметінің қолдауымен экологиялық таза «Масдар Сити» қалашығы жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар жыл сайын БАӘ астанасында болашақ энергияның әлемдік Саммиті өткізіледі.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық таза және жаңғырмалы энергия көздерін дамыту, қолдау және пайдалану мәселелеріндегі БАӘ тәжірибесі Қазақстанға зор қызығушылық тудыратынын атап өтті.

Жаңғырмалы энергия көздерімен жұмыстың жаңа әдістерін құру және зерттеу саласындағы әлемдегі бірінші білім мекемесі болып табылатын «Masdar Institute» ғылыми-техникалық институты Қазақстаннан 15-ке жуық аспирантты тегін оқуға қабылдауға дайындығын хабарлағанын атап өткен жөн.

Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев Абу Даби Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер өткізді. Оның барысында сондай-ақ түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты алдағы уақытта жандандыру мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар