Жаңалықтар

13 маусым 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азиялық қоғам төрағасы Ричард Холбрукты қабылдады.

Р.Холбрук Мемлекет басшысына бүгін Астанада өткен Азиялық қоғамның халықаралық конференциясының қорытындысы жөнінде хабарлады.


- Президент Н.Ә.Назарбаевқа Азиялық қоғамға Астанада инвестициялық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі конференция өткізуге мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді. Менің ойымша, Қазақстандағы инвестициялық ахуал өте жайлы. Президент мырза кездесу барысында шетелдік компаниялар тек энергетикалық салаға ғана емес, сонымен бірге Қазақстан экономикасының басқа да салаларына тартылуы тиіс деп ерекше атап өтті., - деді Р.Холбрук журналистерге берген брифингте.


Азиялық қоғам 1956 жылы Америка Құрама Штаттары мен Азиялық-Тынық мұхит аймақтары елдерінің арасында өзара түсіністікті орнатуға бағытталған коммерциялық емес білім ұйымы ретінде құрылған болатын. Қоғамның штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан. Қоғамның қызметі өнер, мәдениет, саясат пен бизнес саласындағы бағдарламаларды іске асыруды көздейді.


2005 жылдың маусым айында Азиялық қоғам Алматы қаласында «Қазақстан инвестицияның жаңа толқынын тартуда: әртараптандыру стратегиясы және тұрақты өсу» атты халықаралық бизнес-конференциясын өткізген болатын.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар