Жаңалықтар

22 сәуір 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға екі күнге ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовпен кездесті.
big-001.JPG

Ақорда сарайындағы салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастың жағдайы мен келешегі, сондай-ақ екі тараптың өзара мүдделі халықаралық және аймақтық саясат мәслелері талқыланды.


Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында 2006 жылғы биік деңгейдегі сапарлар барысында қол жеткізілген уағадаластықтарды іске асыру жөнінде маңызды жұмыстар жүргізілгені аталынып өтті.


Экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламалары және екі бауырлас халықты жақындастыруға мүмкіндік беретін іс-шаралар жоспары кезеңді жүзеге асырылуда.


Келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың серпінді даму бағытын талқылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы екі есеге өсіп, 1 млрд. 400 млн. долларға жетті.


Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды одан ары кеңейту, еркін сауда жүргізудің толық ауқымдағы аймағын қалыптастыру, екі мемлекеттің астаналарында бизнес орталықтары мен сауда өкілдіктерін ашуға қатысты бірқатар шараларды талқылады.


Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық қорды бірлесе пайдаланудың өзара тиімді тетігін жылдамырақ әзірлеуге және Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық консорциумын құруға деген өзара мүдделілік расталды.


Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бағытында қазақ және өзбек диаспораларына ана тілдерінде білім алуға қолайлы жағдай жасау, екі елдің шығармашылық топтары арасындағы байланыстардың белсенділігін арттыру және тағы да бірқатар мәселелер талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар