Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 қаңтар 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Қасиетті Успен кафедралық соборында болып, Қазақстанның православиелік христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

001

Президент Рождество мерекесі діндарлардың барлығының қайырымдылық, өзара жәрдемдесу және сүйспеншілік сезімдерін, биік гуманистік және жасампаздық мұраттарын біріктіретінін атап өтті.

- Бүгін бұл мерекені православиелік христиандармен бірге барша қазақстандықтар мерекелеуде. Көп ұлтты Қазақстанда дәстүрлі діндер бір-бірімен татулықпен өзара әрекет жасап келеді. Біз көптеген діни мерекелерді бірге атап өтеміз. Мемлекеттің азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен және ұқыпты қарауы – біздің еліміздегі конфессияаралық келісімнің маңызды негіздерінің бірі. Қазақстан бүгінде этностар мен діндер арасындағы татулық пен диалогты қалай қолдау қажеттігінің лайықты үлгісін көрсетіп келеді. Мәңгілік адамгершілік құндылықтарға сүйеніп, бір-бірімізді құрметтеп және қолдау көрсете отырып, біз өзіміздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді сақтаймыз, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бейбітшілік, бақыт және амандық-саулық тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар