Жаңалықтар

5 тамыз 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес қаулы етті:


1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында әкімшілік-аумақтық бірлік – Есіл ауданы құрылсын.


2. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының Алматы және Сарыарқа аудандарының жалпы ауданы 31,2 мың гектар жер бөлігін қосумен Есіл ауданының әкімшілік шекарасы белгіленсін.


3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.


4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар