Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 қаңтар 2012
Бүгін Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеядан сайланатын, кезектен тыс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауында дауыс берді және Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс XVIII сессиясына қатысты.

03

04

Сессия жұмысына ҚХА-нің еліміздің барлық өңірлеріндегі республикалық және аймақтық этномәдени бірлесткітердің мүшелерінен делегациялар, қоғам қайраткерлері, еліміздің ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өткізіліп отырған сессиясы маңызы оқиғаға –Парламент Мәжілісіне Ассамблеяның 9 мүшесін сайлау туралы Конституция ережесін орындауға арналғанын атап өтті.

Президент мұндай оқиға әлемнің еш елінде жоқ екенін атап көрсетті. Елімізде тұрып жатқан этностар өкілдері жоғары заң шығару органына өз депутаттарын сайлай алады, бұл Қазақстанның демократиялық жаңашылдығы.

- Өткен жолы сіздер сайлаған депутаттар үлкен жұмыстар атқарды, көптеген заңдарды қабылдауға қатысты, атқарушы билік органына сауалдар жолдады. Ассамблея біздің елімізде маңызды миссия атқарады, достықты, тұрақтылықты нығайтып, өзара іс-қимылдың орталығы болуын жалғастырып келеді. Жаңаөзендегі оқиға халықты біріктірді, өзара қарым-қатынасымызды, елімізде тыныштық пен тұрақтылықты қастерлеу қажеттігі туралы түсінік пайда болды, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен мәслихаттардағы сайлаудың алдын ала қорытындысына сәйкес «Нұр Отан» партиясы жеңгенін атап көрсетті. Бұл «Нұр Отан» партиясы – қазақстандықтардың мүддесімен өмір сүретін, олармен бірге қуанып, бірге қиналатын, шын мәнінде, халықтық партия екенін білдіреді.

- Партия халқымыздың өмір сүру жағдайын жақсы біледі. Қазақстандықтар тағы да партияға карт-планш берді, біздің бірлігіміз үшін, біздің еліміздегі тұрақтылық үшін, одан әрі дамуымыз үшін, мен ұсынған - үдемелі индустриялық-инновациялық даму, жұмыспен қамту, барлық елді мекендер үшін ауыз су, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта құрылымдау, аргарлық секторды дамыту бағдарламаларының,  бизнес үшін барлық жағдайды жасайтын «Бизнес-2020» бағдарламасын іске асыру үшін дауыс берді. Осының бәрі қазақстандықтардың жұмыспен қамтамасыз етіліп, жылдан-жылға жақсы тұрулары үшін жасалуда. Мен әрдайым сіздерге, Ассамблея мүшелеріне сүйендім және тағы да айтқым келетіні, қазір халықпен бұрынғыдан да белсенді жұмыс жүргізу қажет. Әсіресе, жастармен жұмыс істеу керек. Индустриялық бағдарлама арқылы жоғары біліктілтілікті қажет ететін және жоғары еңбекақы төленетін жаңа жұмыс орындары ашылады. Ауыл шаруашылығы саласында 54 мал жемдейтін алаңы, 2300 фермерлік шаруашылығы бар орасан мал шаруашылығы кешені құрылатын болады, онда ондаған мың жаңа жұмыс орындары құрылады. Біздің жастарымыз сонда еңбек етіп, ақша табулары керек. Қазақстанда бірлік, тұрақтылық, біздің елімізде тұратындардың барлығының құқықтары теңдей – бұл біздің басты міндетіміз, - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы ҚХА-ның мүшелеріне сайлауға белсенді қатысқандары үшін алғысын айтты және Ассамблеядан сайланған депутаттарды құттықтады.

Қалалық сайлау комиссиясы жариялаған нәтижеге сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаты болып Жұматай Әлиев, Мурат Ахмадиев, Егор Каппель, Роман Ким, Ахмет Мурадов, Надежда Нестерова, Зухра Саяпова, Юрий Тимощенко және Розақұл Халмурадов сайланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар