Жаңалықтар

31 мамыр 2012
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезінде оқылған БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның құттықтауы үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры форумның табысты өткеніне тоқталып, жаһандық тұрақтылықтың сақталуы үшін дінаралық диалогты орнықтыру маңызды екенін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар