Жаңалықтар

2 қыркүйек 2008
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясын ашық деп жариялады.

big-001Eg.jpg

big-002Eg.jpg

Президент Үкімет еліміз дамуының қазіргі кезеңі үшін стратегиялық маңызды заң жобалары – салық және бюджет кодекстерін, үшжылдық бюджет, сондай-ақ бәсекелестік туралы заң жобасын әзірлеп, Парламент қарауына енгізгенін атап өтті.


Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, үшжылдық бюджет 2012 жылға дейін бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын екі есеге, оның ішінде 2009 жылы - 25%-ға, 2010 жылы - 25%-ға және 2011 жылы - 30%-ға арттыруды қарастырады. Зиянды жұмыс жағдайлары үшін қосымша ақы төленетін мамандықтар тізбесі кеңейтілді. Осы мақсатта 2009 жылы – 4,3 млрд. теңге, 2010 жылы – 5,4 млрд. теңге, 2011 жылы – 7,1 млрд. теңге қаржы бөлінеді. Бұған қосымша, Президент «Нұр Отан» партиясының ұсынысы бойынша Үкіметке білім алушы жастарға берілетін шәкіртақы көлемін 2009 жылы 25%-ға, 2010 жылы 25%-ға және 2011 жылы 30%-ға кезең-кезеңмен арттыруды жүзеге асыруды тапсырған болатын.


Осылайша, біз бұдан бұрын өзімізге алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайтын боламыз. Осы шаралардың барлығы «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Және де біз «Нұр Отан» - сөзіне ісі сай нақты іс-әрекеттің партиясы екенін тағы бір мәрте дәлелдедік, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


- Біз 2009 жылдан бастап жаңа құқықтық нормалар шеңберінде жұмыс істей алуымыз үшін мен сіздерден аталған заң жобаларын ағымдағы жылдың аяғына дейін қарап, қабылдауларыңызды сұраймын, - деді Президент.


Мемлекет басшысы таяу арада Парламенттің қарауына енгізілуі тиіс бірқатар маңызды заң жобаларын атады. Елдегі одан әрі демократияландыру ісіне қажетті құқықтық негіздер құру жөнінде де үлкен жұмыс атқару көзделген. Қазақстан Республикасының Конституциясына өткен жылы енгізілген өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған заңдарды қарау қажет.


Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Парламентті кемінде екі партияның қатысуымен жасақтауға мүмкіндік беретін құқықтық тетік құру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары саласын одан әрі ырықтандыру да маңызды мәселе болып табылады.


Осыған байланысты таяуда «Сайлау туралы» конституциялық заңға, «Саяси партиялар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары Парламентке енгізілетін болады.


- Аталған заң жобаларын қабылдау елдегі саяси реформалар аясындағы маңызды кезең болмақ, - деді Президент.


Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінқараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар