Жаңалықтар

31 қазан 2007
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Әбу Даби Плаза Астана» кешенінің жобасы таныстырылды.

Кешенде кеңселер мен сауда орындары, орта және жоғары санатты пәтерлер, екі мейманхана және бірнеше демалыс орындары орналасатын болады. Сонымен бірге «Әбу Даби Плаза Астана» кешенін Астана қаласының әуежайымен монорельстік жол арқылы байланыстыру жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 2 миллиард долларды құрайды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар