Жаңалықтар

17 қыркүйек 2009
Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген 16 мыңнан астам адамның, соның ішінде тарихи Отанына оралған отандастарымыздың сондай-ақ елімізге ТМД мемлекеттері және алыс шетелдерден келген басқа да ұлт өкілдерінің материалдары қаралды. 

Кіріспе сөзінде Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі соңғы он жылда қалыптасқан көші-қонның жағымды сальдосы, экономикада сақталып отырған қазіргі уақытша қиындықтарға қарамастан, біздің мемлекетімізде лайықты өмір сүруге, денсаулық сақтау мен білім алуға, бәрінен бұрын, азаматтардың іргелі құқықтары мен бостандығының сақталуына нақты айғақ болып табылатынын атап өтті. 

- Бейбітшілік, қоғамдық келісім және болашаққа деген сенім – біздің еліміздің баянды дамуы мен Қазақстан халқының санының одан әрі өсуінің кепілі. Біздің еліміздің жаңа азаматтары өздерінің бүгінгі және болашақтағы жақсы өмір сүруін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиясымен және қызметімен байланыстыратыны айқын, - деп атап өтті Қ. Саудабаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар