Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 қаңтар 2012
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қаруды тараптау және қарусыздану үшін парламентшілер одағының жаһандық үйлестірушісі Алин Варені қабылдады.
01

Кездесу барысында ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

- Сіздердің қызметтеріңіз менің жер бетінде ядросыз әлем құру жөніндегі идеяларыммен толық сәйкес келеді. Мен осы үдеріске қатысуға дайынмын және осы бағытта іс жүзінде нақты қадамдарға барып жүрмін. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында мен ядросыз әлем Декларациясын қабылдауды қоса алғанда,  ядросыз әлем үшін шарт жасау туралы ұсыныс енгіздім. 29 тамыз - Семей полигонының жабылған күні БҰҰ тарапынан ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жарияланды. Сіз басқаратын ұйыммен ынтымақтастықты дамыту біз үшін де маңызды, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

- Президент мырза, Сіздің Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың құрметті әрі прогресивті өкіліне айналуы үшін қабылдаған шешімдеріңіз үшін, сондай-ақ ядролық қарудан азат әлем құру үшін елде жаһандық деңгейде іске асырылып жатқан шаралар үшін Сізге өзімнің жеке алғысымды, таңданысым мен құрметімді білдіруге рұқсат етіңіз, - деді А. Варе Президентпен әңгіме барысында.

Журналистерге арналған брифингте А. Варе кездесу кезінде ядролық қарусыз әлем құруға бағытталған практикалық және жағымды іс-қимылдар талқыланғанын атап өтті.

- Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаев көтерген және жүзеге асырып келе жатқан, ядролық қарусыздану мен тараптау ісінде үлкен мәнге ие шараларды талқыладық. Бұл іс-қимылдарға кеңес кезеңінде 400-ден астам ядролық жарылыстар жүзеге асырылған Семей ядролық полигонын жабу, КСРО-нан қалған ядролық арсеналдан бас тарту, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы ұсыныс, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялау және Президент тарапынан халықаралық ядролық форумда айтылған ядросыз әлем Декларациясын қабылдау туралы ұсыныстары жатады. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздану және тараппау мәселесіндегі көшбасшылығын өте жоғары бағалаймыз. Біздің ұйым Қазақстан Президентінің осы саладағы барлық бастамаларын қолдайды. Қазақстанмен ынтымақтастықта біз ядролық сынақтарды тоқтатуды және ядролық қарудан азат әлем құруды жақтаймыз, - деп атап өтті Ядролық қаруды тараптау және қарусыздану үшін парламентшілер одағының жаһандық үйлестірушісі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар