Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қыркүйек 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы Халық өкілдері бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы У Бангоны қабылдады.
01

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады.

- Мен Сіздің алғашқы сапармен келгеніңізге ризашылығымды білдіремін. Бір жақсысы, Сіз Алматыда болдыңыз, міне елордаға келдіңіз. Енді Сіз Қазақстан туралы көп әсерге бөлендіңіз. Біздің Парламентте болып, келіссөздер жүргіздіңіз, осының бәрі біздің екіжақты қарым-қатынастарымыздың жоғары деңгейдегі динамикасын тағы да көрсетіп отыр. Біз биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтеміз, сіздер таяуда 62 жылдықтарыңызды атап өтесіздер. Осы жылдар ішінде біз елдеріміз арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты өте жоғары деңгейге көтердік. Мен жұмысымды Төраға Цзян Цземиньмен бастап едім, соңғы жылдары Төраға Ху Цзиньтаомен жұмыс істеп келемін. Осы жылдарда көп жылдан бері шешілмей келген біздің елдеріміз арасындағы шекара мәселесі тәрізді өме маңызды мәселелер шешімін тапты. Сіз екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының жоғары деңгейде екендігін жақсы білесіз. Қытай компаниялары бүгінде еліміздің мұнай, газ кешенінде белсенді жұмыс істеуде. Біз Қытай бағытында теңдесі жоқ мұнай және газ желісін салдық. Біз дағдарыс жылдарында қаражат, кредит, бірлескен қорлар түрінде мықты қолдау көрдік. Осы келісімдердің барлығы заң шығарушы орган ретінде еліміздің Парламенті тарапынан қолдауды қажет етеді. Сондықтан Сіздің сапарыңыз біз үшін өте маңызды,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

- Президент мырза, Сізге жылы сөздеріңіз үшін рахмет. Ең алдымен, менің атыма жолдаған шақыруыңыз үшін алғысымды айтамын. Менің атыма жіберген шақыртулары үшін Сізге және Парламент палаталарының спикерлеріне шексіз ризашылығымды білдіремін. Мен сондай-ақ Сіздің құшақ жайып қарсы алғаныңызға өте ризамын. Сізбен тағы кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Біздің әрбір кездесуіміз әрдайым мен үшін зор құрмет сезімін туғызады. Ең алдымен, мен Сізге жақсы досыңыз Ху Цзиньтао мырзаның ыстық сәлемін жеткіземін. Ол Сіздің біздің еліміз үшін, біздің халқымыз үшін әрдайым ең сыйлы қонақ болып табылатыныңызды жеткізуімді сұрады, - деді У Банго.            


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар