Жаңалықтар

22 ақпан 2012
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Өмірбек Бабановты қабылдады.
01

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселесі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселе талқыланды.

Мемлекет басшысы Өмірбек Бабановты Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі қызметіне кірісуімен құттықтады және қырғыз халқының игілігі үшін табысты жұмыс тіледі. Президент Қазақстан мен Қырғызстан тілі, мәдениеті ұқсас, өте бауырлас елдер болып саналатынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қырғызстанға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

- Осы мүмкіндікті пайдала отырып, біздің еліміздің Үкіметі атынан Сізді өткен парламенттік сайлаумен құттықтауға рұқсат  етіңіз! Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз алғаш болып еуразиялық ықпалдастық идеясын айттыңыз. Біз Сіздің осы бағыттағы бастамаңызды қолдаймыз, - деді Ө. Бабанов.

Журналистерге арналған брифингте Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі кездесу барысында кең көлемдегі мәселелер қаралғанын атап өтті.

- Мен Президентке талқыланған мәселелер бойынша қолдау көрсеткені үшін алғысымды айтамын. Біз бірқатар уағдаластыққа қол жеткіздік. Атап айтқанда, наурыз айында біз Қырғызстанда қазақстандық инвестициялық қорды тіркейміз және ашамыз. Қазақстандық тараптар «Алматы ­– Кемин» электр желісінің құрылысы туралы мәселені қарастырады. Көктемде қырғыз тарабы «Датка-Кемин» электр желісінің құрылысын бастайды. Біз қазақстандық тараптың жаңа СЭС құрылысының жобасына қатысуын құптаймыз. Қазақстандық тараптар сондай-ақ «Қара-Кече» кен орнындағы жылу стансасының құрылысының жобасын қарастырады. Мен сондай-ақ Қазақстан Президенті мен Үкіметіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспотына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіремін. Біз Нұрсұлтан Әбішұлының еуразиялық ықпалдастық, бірыңғай экономикалық кеңістік жөніндегі барлық бастамаларын қолдаймыз. Ең алдымен, бұл Орталық Азиядағы қауіпсіздікке, біздің компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты. Қырғызстанның Кеден одағына кіру мәселесі – бұл уақыттың мәселесі, - деді Ө. Бабанов.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар