Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 қыркүйек 2008
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті қабылдады.

Кездесу барысында ішкі және халықаралық қаржы рыногындағы ағымдағы жағдайлар талқыланды. Ә.Сәйденов Президентке республикадағы қаржылық ахуал Үкімет пен Ұлттық банктің бақылауында екендігі жөнінде баяндады. Бүгінде қазақстандық банктердің ахуалы қалыпты және төлемдік қабілеті жеткілікті.


- Мемлекет басшысы халықаралық қаржы рыногына, сондай-ақ экономикамыз тығыз байланысты болғандықтан ресейлік рыноққа, әсіресе қор рыногына егжей-тегжейлі мониторинг жүргізу міндетін қойды. Сонымен қатар, әріптестерімізбен ақша-несие саясатын үйлестіруді міндеттеді. Ұлттық қор активтерін тиімді басқару жағдайы да талқыланды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша төлем балансы өткен жылмен салыстырғанда оң нәтижемен сипатталады, - деп атап өтті Ә.Сәйденов журналистерге арналған брифингте.



Сондай-ақ Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады.

Әкім Президентті елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Елбасының қала құрылысына байланысты берген тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде хабардар етті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар