Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 қыркүйек 2009
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі, сондай-ақ астық жинау науқанының барысы қаралған жұмыс бабында кеңес өткізді.

Кеңеске Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері қатысты.

Отырыс барысында бүгінгі күнге дейін егіс алқабының 85 пайызынан дәнді дақыл жиналғаны атап өтілді. Астықтың жалпы түсімі 18 миллионға жуық тоннаны құрайды. Орташа өнімділігі – әр гектарынан 12,5 центнер. Бұл өткен жылға қарағанда, бір жарым центнер жоғары.

Елімізде «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Ал 54,2 мыңнан астам жұмыссыздар жаңа мамандық бойынша қайта даярлықтан өтуде.

Өңірлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне жөндеу жүргізуге 92,7 миллиард теңге бөлінді, соның 63 пайызы игерілді, 1349 объекті жөндеуден өтті.

Жалпы, еліміз бойынша «Жол картасы» аясында 500 денсаулық сақтау объектісіне, 3 мыңға жуық мектепке, 428 әлеуметтік инфрақұрылым объектісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар