Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 қыркүйек 2011
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның мәжілісі өтті.

Кеңесті аша отырып, Қ. Саубадаев: «Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үнемі бақылауында іске асырылып келе жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының аясында елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту, сондай-ақ елімізде құқық қорғау жүйесін реформалау жөнінде дәйекті жұмыстар жүргізілуде.  Дегенмен, Мемлекет басшысы Парламенттің бесінші сессиясының ашылуында: «Құқық тәртібін нығайтудың маңызды аспектісі – сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес. Бұл зұлматты жою жолдарын қарастыратын жемқорлыққа қарсы заңнаманы нақты нормаларды күшейту керек» деп ерекше атап өткен еді. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына табанды күрес жүргізуде сенімді құқықтық алаңды құру үшін қысқа мерзім ішінде заңнамалық базаны түсінікті заңдық нормалармен күшейту қажет. Мұндай қадам сыбайлас жемқорлықпен күресте Президент тапсырмасын сөзсіс іске асыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті.

Алқалы жиын барысында сыбайлас жемқорлықпен күресте Ақмола мен Алматы облыстарының әкімдіктері қолданып жүрген шаралар мен көші-қон заңнамасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне тексеру жүргізудің қорытындысына қатысты Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың, Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Меркельдің, жоғарыда аталған облыстардың әкімдері С.Дъяченко мен А.Мұсахановтың есептері тыңдалды.

Мәжілістің қорытындысы бойынша Комиссия Ішкі істер министрлігіне, Ақмола мен Алматы облыстарының әкімдеріне халықтың көші-қонын реттеу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдау туралы ұсыныстар жасалды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар