Жаңалықтар

8 ақпан 2012
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед бірқатар елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады.

Мемлекеттік хатшыға Дания Корольдігінің Елшісі Том Рисдаль Йенсен, Хорватия Республикасының Елшісі Дражен Храстич, Люксембруг Жоғары Герцоктығының Елшісі Пьер Ферринг және Сенегал Республикасының Елшісі Мамаду Салиу Диуф Сенім грамоталарын тапсырды.

Екі жақты кездесулер барысында Қазақстанның осы елдермен саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың бағдарламсы аясындағы ынтымақтастығының одан арғы перспективалары туралы пікірлер алмасылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар