Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 қыркүйек 2008
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Швейцария Парламенті Ұлттық кеңесінің төрағасы Андре Буньонды қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қанағаттанғандық сезім білдіріп, оны сауда, банк қызметі, инвестиция мен энергетика салаларында одан әрі дамыту үшін зор әлеуеттің бар екендігін атап өтті. Аталған әлеуетті жүзеге асыру екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды арттыруға ықпал етеді, және де швейцариялық жоғары мәртебелі мейманның сапары өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға маңызды үлес қосатыны сөзсіз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар