Жаңалықтар

12 сәуір 2008
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қайрат Келімбетовтің Украина Президенті Хатшылығының Басшысы Виктор Балогамен кездесуі болып өтті.

Кездесуді ашқан Қ.Келімбетов табысты басталған Қазақстандағы Украина жылы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың оң қарқынын айқындайтынын және екі елдің халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті.


Қ.Келімбетов пен В.Балога Украина Президентінің Қазақстанға ресми сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Ющенко қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.


Кездесуде түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары белгіленген «Қазақстан-Украина 2007-2008 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарын» орындау жөнінде сындарлы пікір алмасулар болды. Сондай-ақ бірқатар перспективалық жобалар, мәселен Украинада мұнай өңдеу зауытын және түрлі қуаттылығы бар бу-газ электростанцияларының құрылысын салу мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар