Жаңалықтар

5 қазан 2009
Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясы өтті.
04_big-01

Еуразияда бірінші рет өтіп жатқан Бас Ассамблеяның сессиясына әлемнің 120 елінен 140-тан астам делегация қатысты. Қонақтардың қатарында әлемнің әртүрлі елінен туризм бойынша 80 министр болды.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде алғашқылардың бірі болып мұндай форумды өткізу құрметіне ие болғанын атап өтті.

Әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10 пайызын туризм саласындағы кіріс құрайды. Шамамен алғанда еңбеккерлердің төрттен бір миллиарды осы салада жұмыс істейді. Туризмнен түсетін кірістің жаһандық масштабы 4 триллион долларға жетеді. Туризм саласындағы бизнес әлемнің барлық мемлекетінің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз етеді.

- Біз бүгінгі кездесуіміз әлемнің туристік астаналарының бірі ретінде Астананы дамыту жолындағы маңызды қадам болады деп үміттенеміз,- деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы туризм әлемдік экономиканың қозғаушы күшінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Президент қазіргі уақытта шетелдік туристер тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанына назар аударды. Маркетингілік зерттеулердің деректері бойынша, Еуропа мен Азиядағы 14 миллионға жуық туристер таяу уақытта Қазақстанда болуды жоспарлап отыр. Әсіресе, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және АҚШ елдерінде біздің елімізге үлкен қызығушылық байқалуда.

Мемлекет басшысы қазақ жерінде болған алғашқы туристің бірі британдық саяхатшы Фредерик Густав Барнави екенін, ол 19 ғасырда атпен Қазақстанды басып өткенін атап өтті. Сол кездің өзінде ол қазақ алмасының өзіндік ерекшелігіне назар аударған.

Ал биыл оның отандасы, Оксфордтық британдық ғалым Бэрри Джунипер Қазақстан – алманың Отаны екенін дәлелдеді. Ол алманың сортын зерттей отырып осындай түйінге келген. Британдық ғалымдар атап өткендей, қазақ алмасы бүгінде күллі әлем тұтынатын алманың барлық түрінің «атасы» болып табылады.

- Мен сіздердің елдеріңіздегі туристерді біздің елімізді жақынырақ білулері, жаңа әсерлер алулары және қажымайтын ғалымдар мен саяхатшылар тәрізді жаңалықтарды ашулары үшін Қазақстанға шақырамын,- деді қорытынды сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар