Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 қыркүйек 2009
Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ЕҚЫҰ-на Қазақстан Республикасының төрағалық ету мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті.

Отырысты аша отырып, Қ. Саудабаев мәлімдегендей, «2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету қызметіне Қазақстанның таңдап алынуы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тамаша көшбасшылығымен біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы жетістіктерін, біздің еліміздің тек өңірде ғана емес, сол сияқты әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан маңызды үлесін объективті мойындау, жоғары және шындық тұрғысынан бағалау болды. Осындай барлық объективтік факторлар, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде республикамызға таңдау түскені, біздің Мемлекеттің басшысының жеке харизмасы мен зор халықаралық беделінің арқасында мүмкін болды». 

Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағылық етуі – бұл біздің еліміз үшін халықаралық қоғамдастықтың жауапты, құрметті, іскер және тиімді мүшесі ретінде тамаша мүмкіндік екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы әділ атап өткендей, біздің еліміздің ЕҚЫҰ-на табысты төрағалық етуі жалпыұлттық стратегиялық жоба болып табылады», – деді Қ. Саудабаев. 

Комиссияның отырысы барысында биылғы жылғы 8 тамызда аталған мәселе бойынша Ақордада өткен кеңесте берілген тапсырманы жүзеге асыру мәселесі қаралды, Мемлекет басшысының тапсырмасын табысты жүзеге асыру үшін барлық мүдделі органдардың рөлі мен жауапкершілігі айқындалды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар