National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Нұрсұлтан Назарбаев Ресми іс-шаралар сарайында болды

2015 жылғы 02 сәуір

 

Қазақстан Президенті мұнда Батыс Қазақстан облысындағы этно-мәдени бірлестіктер,  шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және Ауған соғысы жауынгерлерімен әңгімелесті. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің маңыздылығына тоқталды.

– Бір-бірімізге деген құрмет, толеранттылық болғанда ғана елдің орнықты дамуы сақталады. Мен Қазақстан халықтың бірлігінің арқасында ғана ілгерілеп келе жатқанын үнемі айтып келемін. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы таяп қалды. Біздің бақытымыз – жеңімпаз әкелелердің балалары болғандығымыз. Бізге ардагерлерімізді қадірлеп, жастарды тарихқа құрметпен қарау тұрғысынан тәрбиелеу қажет. Сондай-ақ біз биыл басқа да маңызды даталарды атап өтетін боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Барлық этностардың атынан сөйлеушілер Мемлекет басшысына татулық пен келісімге, кәсіпкерлікпен айналысуға мол мүмкіндіктер мен жағдайлар жасауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясат үшін алғыс айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің