National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барды

2017 жылғы 04 қазан

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында зауыттың ферроқорытпа өндірумен айналысатын цехының жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 440 мың тонна ферроқорытпа өндіруге жететіні жөнінде баяндалды. Бұл өнім Қытай Халық Республикасына, Еуропа елдері мен АҚШ-қа экспортталады.

***

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – Қазақстан қара металлургиясының ірі кәсіпорындарының бірі. Зауытта 4 балқыту цехы, конвертерлік қорытпа телімі, қалдықты қайта өңдейтін цех пен қосалқы цехтар бар.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің