Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

19 қыркүйек 2016
Елбасы «Нам Г.Н.» шаруа қожалығында болды
Алматы облысы

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауға маманданған кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне облыстың агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және қант қызылшасы өндірісін дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялауға деген көзқарастың өзгергенін атап өтті.

– Менің шаруаларға айтып жүрген ой-пікірімнің барлығының негізгі түйіні – еңбек өнімділігін субсидиялау қажеттігі. Яғни, қаражат дайын өнім өндірісі үшін бөлінетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев өңдеу кәсіпорнының аграрлық техникалары мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады.

Соңында Елбасы өңірдің шаруаларымен әңгімелесіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу