National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы генерал И.Панфиловтың ескерткішін ашу рәсіміне қатысты

2015 жылғы 07 мамыр

 

Салтанатты рәсім барысында Елбасы барша ардагерлер мен ел тұрғындарын Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

– Бұл – Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловқа ғана арналған ескерткіш емес, фашизмге қарсы күреске қатысқан барлық қазақстандықтарға, ұрыс даласында қаза тапқандарға және аман-есен оралып, елді дамытуға орасан еңбек сіңірген ардагерлерге деген тағзым, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев генерал-майор Панфиловтың басшылығында болған 316-дивизия Алматы облысында құрылғанын еске салды.

– Осы дивизияның 28 панфиловшы жауынгері Мәскеу түбіндегі ең сұрапыл шайқасқа қатысты. Солардың қатарында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болды. Олар фашистердің танкілермен жасаған шабуылына бірге тойтарыс берді. Сол себепті де генерал Панфиловтың есімі Ұлы Отан Соғысы тарихында қалды. Біздер, қазақстандықтар, оларды өзге батырлармен бірге қастер тұтып, жадымызда сақтаймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бүгін бар сый-құрмет пен тілек соғыс ардагерлеріне арналатынын атап өтті.

– Еліміз қажетті қолдауы мен жәрдемін көрсетуде. Әрқайсыңыз мемлекеттің қамқорлығындасыздар. Мен әрқайсыңызды да Жаңа жылмен құттықтауға тырыстым. Біз ардагерлерді мерекелерде ғана емес, барлық уақытта ардақтайтын боламыз, өйткен сіздер бұған лайықсыздар. Бүгінгі ұрпақтың тұрақты, тәуелсіз әрі тату Қазақстанды құруы – сіздердің ерліктеріңіздің өтеуі. Еліміз қалай өркендеп келе жатқанын көріп отырсыздар, сондықтан бекерге соғысып, қан төкпеген екенбіз деп ойлауларыңызға толық негіз бар. Арамызда аман-сау жүріп, жастарды патриоттық пен Отанға адалдық рухында тәрбиелей беріңіздер! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

***

Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор И.Панфиловтың 2,5 метрлік ескерткіші қоладан құйылған. Ескерткіштің орта тұсында гүл қоятын арнаулы тақта бар. Монументтің шығыс жағында аллея бойымен Мәскеуді қорғау кезінде шейіт болған 28 панфиловшы-жауынгердің туған күндері мен қаза тапқан күні жазылған, табиғи граниттен жасалған плиталар қойылған. Сонымен қатар, «Кеңес Одағы Батырының Алтын жұлдызы» медалі бедерленген 28 стелла орналастырылған. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің