National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Президенттің іс басқармасының медициналық орталығының Клиникалық оңалту кешенінің ашылу рәсіміне қатысты

2015 жылғы 18 наурыз

 

Мемлекет басшысы көпсалалық жаңа кешенді аралап көрді және оның ұжым мүшелерімен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев тиісті кәсіби персоналы, жоғары сапалы жабдықтары, қажетті секциялары түгел функционалды ғимараты бар медициналық мекеме барлық заманауи талаптарға сай екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті денсаулық сақтау саласының одан әрі дамуы маңызды екеніне, бұл ел тұрғындарының денсаулық сапасына оң әсерін тигізетініне тоқталды.

– Қазақстандықтар ем алу үшін шетелге барады. Осындай кешендердің пайда болуымен медициналық туристер легі біздің елге бағыт алатын болады. Мұнда толыққанды жұмысқа қажетті жағдайдың бәрі жасалған, енді сіздерге өз міндеттеріңізді сапалы орындап, халық денсаулығын жақсарту керек, – деді Мемлекет басшысы.

Мекеме қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне назар аударып отырғаны үшін алғыс айтып, осындай бірегей кешенде жұмыс істеу зор құрмет екенін әрі жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Олар халыққа білікті медициналық көмек көрсетуге дайын екендіктеріне Қазақстан Президентін сендірді.

***

13 ғимаратты қамтитын, бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын 4 емханасы, 35 құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ 200 орындық стационары бар кешеннің жалпы аумағы  84 мың шаршы метр болады. Кешен бөлімшелері озық медициналық техникалармен жабдықталған.

Кешен құрамына бірегей диагностикалық блок және ядролық медицина бөлімшесі кіреді. Ғимарат пен оның инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің мониторингі мен басқарылуы автоматтандырылған.

Мекемеде жоғары білікті мамандар, соның ішінде медицина ғылымдарының 11 докторы мен 24 кандидаты жұмыс істейді. Дәрігерлердің жартысынан астамы жоғары санатқа ие. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің