Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 желтоқсан 2012
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бір ел! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты бұқаралық-спорттық акцияға қатысты

Өз сөзінде Мемлекет басшысы Президент күні әлемнің көптеген елінде атап өтілетініне тоқталды.

 

Өз сөзінде Мемлекет басшысы Президент күні әлемнің көптеген елінде атап өтілетініне тоқталды.

- Президент ретінде мені таңдай отырып, Қазақстан халқы маған үлкен жауапкершілік жүктеді. Мен осынау жылдар ішінде оның қалауын орындадым. Еліміздің жасампаз жеңісі қазақстандықтарға ортақ. Біз тәуелсіз республиканы бірге құрдық, оны күллі әлемге танымал еттік. Біз экономиканы Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің деңгейіне дейін көтердік. Өз тарихымызда алғаш рет жаңа астана салдық. Соңғы жылдары Астана маңызды әлемдік ірі-шаралар өтетін орталыққа айналды. Жақында ғана біз ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болдық. Келешекте өтетін көрменің тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Осы шараға дейін Астанада жаңа инновациялық кешен салынатын болады. Онда жаңа технология да дамиды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Астана жастар үшін салынғанын атап өтті.

- Біз ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын мақтан етеміз. Мен сіздердің көздеріңізден күш-қуатты, жастық жігерді көріп тұрмын. Сіздердің жастарыңызда арманға қанат бітеді, биікке самғайды. Бақыт, ұзақ ғұмыр және өмірде табыстар тілеймін, - деді Мемлекет басшысы қазақстандық жастарға арнаған сөзінде.               


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу