Жаңалықтар

29 мамыр 2015
Мемлекет басшысы Вьетнам Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгпен кездесті
Бурабай кенті, Ақмола облысы

 

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларын қоса қамтитын бірқатар бағытта екі ел ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.  

Қазақстан Президенті еліміздің экономикалық және саяси байланыстарды дамытуға мүдделі екенін, ЕАЭО және оған мүше мемлекеттер мен Вьетнамның арасында қол қою жоспарланып отырған еркін сауда аймағы туралы келісім бұған септігін тигізуі тиістігін атап өтті.

Вьетнам Премьер-министрі ел үкіметі мен халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқының президенттік сайлауда көрсеткен сенімімен құттықтады. 

Тараптар түрлі саладағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін айта келіп, оны әрі қарай өрістетудің маңыздылығын атап өтті.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар