National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы «Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС-да болды

2014 жылғы 21 қараша

 

Мемлекет басшысы онда Астананың бірқатар инфрақұрылымдық жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Астана әкімі Ә.Жақсыбеков Қазақстан Президентіне сәулет және қала құрылысы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Атап айтқанда, жүрдек автобус тасымалын іске қосуға  мүмкіндік беретін «BRT. Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі нысандары мен жаңа теміржол вокзалына тартылатын жолдарды жобалау мен салу барысы туралы да айтылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына елорданың жылу магистралінің 4-ші және 5-ші кезегін жобалау мен салу, энергетика көздері ғимараттарын салу мен қайта жөндеу жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. 

Қазақстан Президенті Орынбор көшесіндегі, Салтанат қақпасы маңындағы Дөңгелек алаң мен Мыңжылдық аллеясындағы құрылыстарды, тұрғын үй құрылыстарын жүзеге асыру жоспарын, сондай-ақ Астана қаласындағы ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді сүру жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысын қарап шықты.

Соңында Мемлекет басшысы елорданы бұдан әрі дамыту барысында қаперге алынуы тиіс бірқатар маңызды жайттарды ескертті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің