Жаңалықтар

2 сәуір 2008
Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) жаңа оқу ғимаратында болды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған ҚМЭБИ Солтүстік Американың кредиттік технологиялары бойынша магистрлер мен бакалавр даярлайтын коммерциялық емес жоғары оқу орны болып табылады.


Президент институт студенттерінің саны алғаш құрылған жылдан бастап он бес есеге артқанын атап өтті. Бүгінде институтта Қазақстанның барлық өңірлерінен 4 мыңнан астам жастар білім алуда. ҚМЭБИ АҚШ, Германия, Польша, Румыния, Сауд Арабиясы, Түркия, Ресей, Қытай, Корея, Балтық жағалауы елдерінен және бүкіл Орталық Азия республикаларынан келген 300-ге тарта шетелдік студенттерді даярлауда.


Мемлекет басшысы ҚМЭБИ АҚШ-тың танымал аккредитациялау агенттіктерінің бірі өткізетін халықаралық аккредитациялау үдерісіне қатысып отырған Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып табылатынын атап өтті. Оны иелену Институт түлектері дипломдарының Қазақстаннан тыс жерлерде де жарамды болуын қамтамасыз етеді.


Институт талантты студенттерге қолдау көрсетіп келеді. Мұнда дарынды студенттерге қаржылық көмек көрсету жүйесі құрылған. Тек соңғы оқу жылында ҚМЭБИ-дің жеке қаржысынан, демеушілердің ассигнациялары және түрлі компаниялар мен ұйымдардың қайырымдылық қаражаты есебінен жалпы сомасы 1,7 миллион долларды құрайтын гранттар берілген.


ҚМЭБИ түлектері жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие. Мұның жарқын дәлелі – жұмыс берушілердің бағасы. Олардың пайымдауынша, ҚМЭБИ Қазақстанның жоғары оқу орындары рейтингісі бойынша гуманитарлық-экономикалық ЖОО-лардың арасында бірінші орынды иеленеді.


Жалпы аумағы 5,6 мың шаршы метрді құрайтын жаңа корпус институттың сұранысына сәйкес жобаланған, ғимарат сапалы білім алуға қажетті қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда 450 адамға арналған 14 аудитория, 516 студентке арналған 3 дәрісханалық амфитеатр бар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар