Жаңалықтар

13 маусым 2008
Ақордада Мемлекет басшысының төрағалық етуімен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті.
big-01MM.jpg

2004 жылы Елбасы бастамасымен 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Аталмыш бағдарламаның қорытындысы Қоғамдық кеңестің 2007 жылғы кеңейтілген отырысында шығарылған болатын. Сол отырыста Мемлекет басшысы бағдарламаның мерзімін ұзартып, Мәдениет және ақпарат министріне 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңін әзірлеуді тапсырғанды.


Бүгінгі отырысты аша келе Мемлекет басшысы мемлекеттік бағдарламаның халық арасында рухани-мәдени, тіпті жалпы қоғамдық өміріміздің маңызды кезеңі ретінде аса жылы қабылданғанын атап өтті.


- Бағдарламаның алғашқы кезеңінде республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінсе, ал екінші кезеңіне 4,7 миллиард теңге бөлінді,- деді Н.Назарбаев.


Бүгінгі таңда ерекше тарихи-мәдени маңызға ие 35 архитектуралық ескерткіштер қалпына келтірілді. 30 археологиялық және 17 қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылды. Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, қытай, Ресей және Армения елдерінде жүргізілген ізденіс жұмыстарының нәтижесінде қазақстан тарихына қатысты 5 мыңға жуық құнды мәліметтер табылып, олардың көшірмелері елге әкелінді. Археологтар 32 ескі қалашықтар, елді мекендер мен қорғандарда зерттеу жұмыстарын жүргізді.


Мемлекеттік маңызға ие тарихи-мәдени ескерткіштердің жаңа Мемлекеттік Тізімін дайындау жұмыстар аяқталды. Жаңа тізімге 218 нысан енген.


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық ғалымдар шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып ұлттық тарих пен мәдениетті жалпы адамзаттық құндылық ретінде зерттеулері қажет деді.  
 
- Әлі күнге дейін тарихи маңызын жоймаған Ұлы Дала өркениеті тиянақты зерттеуді қажет етеді, - деді Мемлекет басшысы.


Қоғамдық Кеңес мүшелері – Шығыстану институтының директоры М.Әбусейітованың, Археология институтының директоры К.Байпақовтың, мәдениеттанушы М.Әуезовтың, «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры Б.Аяғанның, Президенттік мәдени орталықтың директоры М.Жолдасбековтың, академик Ә.Нысанбаевтың есептері және басқа да отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздері тыңдалды.


«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысын қорытындылай келе Н.Назарбаев бағдарламаның екінші кезеңінде іске асырылуға тиісті негізгі бағыттар мен басымдықтарды атап өтті.

Осы күні Президент Ақордада «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін көрсететін көрмемен танысты. Мемлекет басшысына сондай-ақ «Мәдени мұра» ақпараттық-танымдық веб-порталы көрсетілді.


Кіріспе сөздің мәтінінқараңыздар.

Қорытынды сөздің мәтінінқараңыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар