National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Тоталь» компаниясының президенті Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2014 жылғы 21 қазан

 

Жеделхатта К.Де Маржеридің Мәскеудегі «Внуково» әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған.

«Кристоф де Маржери кәсіпқой маман және беделді басшы болатын, Қазақстан мен Францияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға және еліміздегі энергетика секторын дамытуға зор үлес қосқан ірі тұлға еді», – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан марқұмның отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтқан. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің