Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 қыркүйек 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжанның қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Д.Досжанның табиғи дарынымен жастай көрініп, әдебиет майданында тынбастан, өнімді еңбек етіп келгені атап өтілген.

«Оның қаламынан туындаған әңгімелер мен хикаяттар, романдар оқырмандарын тілінің шұрайлылығымен, ұлттық бояуының қанықтығымен баурайтын», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы жазушының еңбегі әр жылдары әдебиет саласындағы жоғары мәртебелі сыйлықтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталғанына да тоқталған.

Нұрсұлтан Назарбаев қаламгердің үздік шығармалары әрдайым халқымызбен бірге жасай беретінін атап өткен.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар