National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар

2015 жылғы 13 шілде

Қазақстан Президенті атына халықаралық ұйымдар басшыларынан, еліміздің және шет елдердің зиялы қауым, саяси, ғылыми орта өкілдерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп түсуде.

Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Р.Гасанов бүкіл түркі елдері үшін Қазақстан үздік үлгі және мақтаныш болып саналатынын атап өткен.

«Түркі елдері Сіздің тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің бірлігі мен дамуын қамтамасыз етудегі көшбасшылығыңызды мойындайды», – делінген жеделхатта.

Өз кезегінде Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Я.Омероглу  мыңжылдықтар тоғысындағы қиын жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан болашаққа батыл қадамдар жасап, жоғары экономикалық және саяси мәртебеге жеткенін, сондай-ақ әлем елдері арасынан лайықты орын алғанын  атап өткен.  

Қытайдың шет елдермен достық қоғамының төрағасы Л.Сяолинь Нұрсұлтан Назарбаевтың шебер басшылығы және қоғамдағы беделі арқасында Қазақстан халқы зор нәтижелерге жеткеніне назар аударған.

«Жібек жолының экономикалық белдеуі» аясында Қазақстан-Қытай байланыстары өзара тиімді жағдайда дами береді деп үміттенеміз. Өз тарапымнан мен бұл қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне бар күш-жігерімді жұмсауға әзірмін», – деп жазады автор.

Мемлекет басшысын АҚШ-тың бұрынғы конгрессмені Э.Фалеомаваега туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, күш-қуат, бақ-береке және даналық тіледі.

«Мен өзім жақсы көретін халықтың – Қазақстан халқының татулығы, ынтымақтастығы және тұрақтылығы жолында жасағаныңыздың барлығы үшін Сізге ризамын», – делінген құттықтауда.

Аланиядағы (Түркия) Қазақстанның құрметті консулы, А.Джебеджи ел астанасының қарышты дамуында Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері айрықша рөл атқарып отырғанына тоқталған.

«Бүгінде Астана біздің халықтың ертеңгі күнге деген сенімін көрсетіп, оның ұмтылысы мен тілек-қалауының орындалуының кепілі бола отырып, уақыттан озып келеді», – деп жазады автор.

Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрынов Қазақстан халқы елдің жетістіктері бүкіл әлем үшін үлгіге айналғанын мақтаныш ететінін атап өткен.

«Әлемнің барлық елдері біздің сүйікті Отанымыздың жылдан жылға Сіздің дана басшылығыңызбен өркендей отырып, нағыз «Мәңгілік елге» айналып келе жатқанынан тәнті болуда». Сіз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігінде татулық пен достық қарым-қатынастардың орнауы үшін қажымай еңбек етіп келесіз», – делінген хатта.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің игілігі жолындағы еңбегі, оның тұрғындары мен қазақстандықтардың бірлігіне, ынтымағына деген тұрақты қамқорлығы үшін алғыс айтқан, ең ізгі тілектермен өрілген құттықтаулар Астана қаласынан М.Кабдырахманұлынан, Алматы қаласынан Р.Рябиковадан, Оңтүстік Қазақстан облысынан Т.Дауылбаевтан, Атырау қаласынан Ә.Жолайдан, Ресей Федерациясы Томск қаласынан Н.Царскодан келіп түсті. 

Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр. 

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің