Жаңалықтар

7 желтоқсан 2012
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен хат келді

 

В.Путин өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқына өтінішті Астананың жеңіп алуымен құттықтаған.

«Бұл ауқымды іс-шара достас Қазақстанның тарихы мен дәстүрін, әлеуметтік-экономикалық жаңаруларының жоғары нәтижелерін әлемдік қоғамдастыққа көрсетеді,  Республиканың халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін» делінген хатта.

В.Путин Ресей екі арасында қалыптасқан стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды жалғастыра отырып, Астананың кандидатурасын алға жылжытуға белсенділікпен атсалысқанын атап өткен. Ол Екатеринбургте ЭКСПО-2020 көрмесін өткізу туралы ресейлік тараптан берілген өтінішке байланысты тығыз өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасылатынына сенім білдіреді.

Ресей Федерациясының Президенті Мемлекет басшысына және Қазақстанның барша халқына игілік, өсіп-өркендеу және жаңа табыстар тілейді.       


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар