National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің туған күніне байланысты шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының құттықтаулары

2015 жылғы 06 шілде

 

Армения Президенті Серж Саргсян өз құттықтауында қазақ-армян ықпалдастығы екіжақты форматта, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар мен бірлестіктер аясында Қазақстан-Армения халықтарының достығы мен игілігі үшін  алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірген.

С.Саргсян Мемлекет басшысына мықты денсаулық, бақуаттылық және қызметіне табыс тіледі.

***

Украина Президенті Петр Порошенко мемлекет құру жолында біздің елдің соңғы ондаған жылдарда қол жеткізген түрлі саладағы жетістіктері  Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымындағы көпқырлы қызметімен ажырағысыз байланысты екенін атап өткен.

«Дәстүрлі Украина-Қазақстан  достық қарым-қатынасын тереңдете түсуге бағытталған біздің сындарлы диалогымыздың бұдан әрі өрістеуі өзара тиімді және жан-жақты ынтымақтастықты Украина мен Қазақстанның игілігі үшін жандандыра түсуға  септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Соңында П.Порошенко Мемлекет басшысына мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жемісті мемлекеттік қызметіне жаңа табыс, ал достас Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі. 

***

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның пәрменді басшылығымен Қазақстан көптеген жылдар бойы өзінің халықаралық аренадағы беделін арттырып келе жатқанын атап өткен.

С.Абэ Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.     

***

Монако князі II Альбердің құттықтауында екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылған.

«Миландағы көрмеде Қазақстанның ұлттық павильонында болу мені өте жақсы әсерге бөледі, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесіне Монако Княздігінің қатысуын тағатсыздана күтіп жүрмін», – делінген құттықтауда.

***

Оман Сұлтаны Кабус бен Саид Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оған бақыт және мықты денсаулық тіледі, сондай-ақ достас Қазақстан халқының одан әрі ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне ниеттестігін білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің