National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай халықаралық жұртшылық өкілдерінен келіп түскен хаттар

2015 жылғы 06 сәуір

 

Мемлекет басшысының атына халықаралық ұйымдардың басшылары мен бірқатар шет елдердің азаматтарынан құттықтау хаттар келіп түсті.

«Қазақстан-Канада» парламенттік достық тобының тең төрағасы Л.Бенуа өз хатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жыл бойы елдің конфессияаралық және этносаралық келісімді қорғау және ілгерілету жөніндегі басты органы болып отырғанын атап өткен.

«Канада Қазақстанның бұл құндылықтарын мақтанышпен айтады. Мен 2014 жылдың қыркүйегінде Сіздің елге жемісті әрі есте қаларлық сапар жасадым. Мен Ассамблеяның өкілеттігіне және қызметіне тәнті болдым. Біздің берік әрі ұлғайып келе жатқан экономикалық ынтымақтастығымыздан бөлек, бұл орган Қазақстан мен Канаданың өзара мүдделілік танытатын көптеген мәселелер бойынша ұстанымдарын жақындастырып отыр. Біз Сіздердің жас демократиялық мемлекеттеріңіз дамуын жалғастырып, оның барысында Ассамблея елеулі рөл атқаратын болады деп үміттенеміз», – делінген хатта.

ЕҚЫҰ аз ұлттар жөніндегі жоғарғы комиссары А.Турс Ассамблея Қазақстанның этникалық әралуандығы мен елдегі келісімді сақтаудағы табысының символына айналғанын атап айтқан.

«Ассамблея – біздің ұйымның Қазақстандағы маңызды баламасы. Осы консультативтік-кеңестік органның үкімет пен жұртшылық өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың тиісті деңгейін қамтамасыз етудегі рөлі әралуан қоғам интеграциясы жөніндегі Любляна ұсынымдарында атап өтілген. Сонымен қатар, онда Ассамблеяның барлық азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін және олардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де қағидаттарының маңыздылығы айтылған», – деп жазады автор.

 «Судьбы связующая нить» аталатын Қазақстан-Литва жобасының қатысушылары – Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінің профессоры А.Вишнюнас және Степлагтың бұрынғы тұтқыны, журналист, жазушы А.Сейкалис Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа қоғамдық ұйым құру туралы шешімі өзін толық ақтағанына сенімді екендерін айтқан.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы  бүгінде барлық этностарды қамтыған ондаған қоғамдық бірлестікті біріктірген. Ол Қазақстанның көпұлтты халқын шоғырландырудың нақты институтына айналып отыр», – деп жазады авторлар.

БҰҰ жанында қауымдасқан, Экология және тіршілік қауіпсіздігі халықаралық ғылым академиясының академигі, украиналық Н. Курилюк Қазақстанның жарқын әрі жасампаз болашағының негізі оның халқының тұтастығы мен бірлігі екенін айтқан.

«Қазақстан Республикасы өз дамуында ілгерілеуге, сыртқы және ішкі бейбітсүйгіш саясатына, халық бірлігі мен тәуелсіздігіне сүйене отырып, әлемдік қоғамдастықта лайықты құрмет пен беделге ие. Даналығы мен маңыздылығы жиырма жылдық сынақ арқылы тексерілген Ассамблея халықтардың тұтасуы мен бірігуінде, жасампаздық пен ілгерілеу жолын анықтауда Украина мен өзге елдерге лайықты үлгі болады», – делінген хатта.

Қазақстан Президентінің атына өз құттықтауын жолдаған Мемлекетаралық Украина-Қазақстан қатынастары институтының директоры Н.Степаненко Мемлекет басшысының Ассамблея құру туралы шешімінің тарихи маңызы мен көрегендігін атап өткен.

«Мәдени және конфессиялық дәстүрлердің алуан түрлі шоғырын бір тұтас Қазақстан халқына біріктірген бірегей қоғамдық келісім институтының ықпалын бағалау мүмкін емес. Сіз Мемлекет басшысы ретінде тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап көңіл бөліп келе жатқан халықтың тұтасуы, тұрақтылық, татулық және келісім сияқты құндылықтардың арқасында Қазақстан бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет ретінде қалыптасты. Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісі бүкіл әлемде құрмет пен жоғары қызығушылыққа ие болып, халықаралық қоғамдастық үшін үлгіге айналып отыр», – деп жазады Н.Степаненко.

Украинаның «Универсальный бой» спорт федерациясының  Президенті  А.Кондрашов Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Ассамблея таза халықтық сипат ала отырып, татулық пен келісімнің жалпыұлттық институтына айналғанына назар аударған.

«Сіздің саяси ерік-жігеріңіздің арқасында әлемдік қоғамдастықта кеңінен мойындалған қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық үлгісі құрылды. Мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-қоғамдық салаларда орнықты әрі жасампаз дамуын Қазақстанда қол жеткен этносаралық, дінаралық толеранттылықсыз елестету мүмкін емес. Бүгінде Ассамблея қоғамның авангарды әрі «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы Сіздің және бүкіл халықтың сенімді тірегі болып саналады», – делінген хатта.

Украина технологиялық академиясының директоры, ғылым мен техника саласындағы Украина мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ю.Колесниктің хатында Мемлекет басшысының атына жылы тілектер айтылған. Ол Ассамблеяның халықты тұтастыруға бағытталған ізгі қызметіне тоқталған. 

«Тұрақтылық пен татулықты, отандастар арасындағы келісім мен достықты, демократиялық және өркениетті қағидаттарға сүйенген ілгерілеу мен өркендеуді сақтауда Ассамблеяға бұдан әрі де белсенді қызмет тілейміз», – деп жазады автор.

Украинаның батыры, тұңғыш ғарышкері Л.Каденюк өз құттықтауында елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға бағытталған Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бүкіл халықтық өкілдік етудің бірегей институтының маңыздылығын атап өткен.

«Біраз уақытты еңсерген қазіргі кезде және әлемнің көптеген елдерін шарпыған тұрақсыздық жағдайында Сіздің жиналған тәжірибені қорытудың және алға қарай сенімді ілгерілеудің негізі ретінде Ұлттық бірлік доктринасы идеясын бекіту кезіндегі даналығыңыз мен көрегендігіңізге тағы да көз жеткізе түсеміз.  Қазақстанның даму жолы өзінің жүйелі қарқынымен, әсіресе әлемде экономикалық тұрақсыздық белең алып тұрған кезеңде жаңа биіктерге қарай басқан сындарлы қадамдарымен тәнті етеді», – делінген хатта. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің