National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 14 қазан

 

Нұрсұлтан Назарбаев Н.Балғымбаевтың қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Жеделхатта мемлекеттік басқару және экономика саласындағы ірі қайраткердің бірі болған Н.Балғымбаевтың бар білімі мен тәжірибесін елдің өсіп-өркендеуіне арнағаны атап өтілген. Еңбек жолын мұнай саласында қарапайым жұмысшы болудан бастап, ұдайы оқып-ізденуі мен ұйымдастырушылық қабілеті арқасында биік белестерді бағындырды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына дейін көтерілді. Бұл қызметті ол зор жауапкершілікпен атқарды.

«Өз Отаны мен халқын қалтқысыз сүйген Н.Балғымбаевтың болмысына қарапайымдылық пен зиялылық, нағыз бекзаттық тән еді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпай, әрдайым қастер тұтатын болады», – делінген көңіл айту жеделхатында. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің