National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловпен кездесу

2014 жылғы 18 ақпан

 

Агенттік төрағасы 2013 жылғы қызметтің қорытындылары туралы баяндады және алдағы кезеңдегі жұмыстың перспективалық бағыттары жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы негізді мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін сенімді статистикалық деректер қажеттігін атап өтті, сондай-ақ қайталанатын статистикалық ақпараттар жинақтауды одан әрі қысқартуға назар аударды.

– Еліміздің экономикалық дамуы үшін сенімді статистикалық деректер, атап айтқанда, еңбек өнімділігі, жұмыспен қамту деңгейі және тағы басқа сияқты көрсеткіштерді дер кезінде ұсыну аса маңызды. Осының бәрі мемлекеттік органдардың жұмысын және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті заманауи ақпараттық технологияларды мемлекеттік статистикаға одан әрі енгізіп, методикалық және методологиялық базаны жетілдіру арқылы оның сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев халық пен бизнес үшін ашық саясат ұстанудың, мемлекеттік статистикаға қолжетімділіктің маңыздылығына, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен заңнаманың статистика бөлігіндегі негізгі ережелерді түсіндіру жұмысын одан әрі жүргізудің мәні зор екеніне де тоқталды.

Ә.Смайлов агенттік өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісін жасап жатқанын, онда құжат айналымын азайту мақсатында есептілік көрсеткіштері екі есе қысқартылғанын айтты.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.      


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің