Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 қараша 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

 

Сенат спикері Палатаның заң шығару қызметінің барысы туралы, атап айтқанда, «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның Парламентте қабылдануы жайлы баяндады.

Қ.Мәми Сенат пен Мәжіліс депутаттары бұл құжаттың елімізді әлеуметтік жаңғырту жөніндегі міндетті орындау бөлігіне ұсыныстар енгізгенін атап өтті.

Сонымен қатар, Сенат Төрағасы мемлекеттік қызмет, салық салу, терроризмге қарсы іс-қимыл және күрес саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы айтты.

Бұдан бөлек, Қ.Мәми Мемлекет басшысын қазіргі уақытта өзі төрағасы болып саналатын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Санкт-Петербургте биылғы 22 қарашаға жоспарланған кезекті отырысына дайындық барысы туралы хабардар етті. Сенат спикері ЕурАзЭҚ ПАБ-ның Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді дамытудағы үлкен әлеуетін атап өтті.        


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар