National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті

2015 жылғы 06 шілде

 

Мемлекеттер басшылары негізгі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың жолдарын талқылады. Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше маңызды жайттар жөнінде әңгіме өрбіді.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел халқының тарихи, тілдік және мәдени жақындығына назар аударды.

–Қырғызстанда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы, елдің дамуының жалғасуы, мықты мемлекет болуы – барлық қазақстандықтардың ойы осы, – деді Қазақстан Президенті.

Алмазбек Атамбаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілестік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғызстан халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа I дәрежелі «Манас» орденін тапсырды.

Қазақстан Президенті жоғары награда үшін алғысын білдіріп, өзара ықпалдастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

– Бұл наградаға лайық болуға, елдеріміз арасындағы достық пен бауырластықты нығайтуға, қарым-қатынасымыздың деңгейін одан әрі арттыруға тырысамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің