Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 наурыз 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Қазақстан Президентіне ведомство жұмыстарының нәтижелері және орташа мерзімді кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қорғаныс өнеркәсібі мен аэроғарыш саласының деңгейін көтеру және технологиялық тұрғыдан жаңғырту жөніндегі ведомстваның алдына қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, цифрлық технологияны біртіндеп және жан-жақты енгізу қажеттігін айтты.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар