National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен кездесті

2017 жылғы 23 мамыр

Мемлекет басшысы БАӘ сыртқы істер министріне сәттілік тілеп, елдеріміз арасындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

– Сіз біздің елге ресми сапармен Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай келіп отырсыз. Бүгін Астанада бірлескен бизнес-форум өтіп жатыр. Биыл мен Араб Әмірліктерінде екі рет болдым. Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен соңғы кездесуімізде көптеген мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталып, биылғы жыл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы болатынына сенім білдірді.

– Өзара сенім мен  бауырластыққа негізделген біздің қарым-қатынасымыз – басқаларға үлгі. Мұны одан ары дамытуға бар күш-жігерімізді салуға тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы.

Абдалла бен Заид Әл Нахаян екіжақты өзара іс-қимыл барысына көңілі толатынын, оны жаңа деңгейде нығайта түсу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, БАӘ сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігінде өткен саммиттің табысты болғанын айтып, соның аясында Қазақстан Президентінің Абу-Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен әңгімелескенін еске салды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің