Жаңалықтар

3 маусым 2015
Елбасы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысуға келген «Ситигруп» компаниясының бас атқарушы директоры Джеймс Коулзбен кездесті

Кездесу барысында Кеңес қызметінің басты бағыттары, сондай-ақ Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуының бес институционалдық реформаны қамтитын негізгі жоспарлары талқыланды.

 

Кездесу барысында Кеңес қызметінің басты бағыттары, сондай-ақ Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуының бес институционалдық реформаны қамтитын  негізгі жоспарлары талқыланды.

Мемлекет басшысы компанияның біздің елдегі жұмысын және шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.

– Біз «Ситигруп» сияқты ірі конгломератпен ынтымақтастықты бағалаймыз. Компания Қазақстанда белсенді жұмыс атқарып отырғанын және оның еліміздің экономикасын дамытуға қатысу әлеуеті зор екенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта біз бизнес жүргізу үшін заңнаманы жетілдірумен айналысып жатырмыз, сондықтан сіздің топтың осы үдерістегі тәжірибесі мен көмегі біз үшін өте маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дж. Коулз Қазақстан Президентіне елде шетелдік корпорациялардың жемісті инвестициялық қызметіне жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.

– Таяу уақытта біздің компанияның Кеңес жұмысына көмегі өте құнды болуы мүмкін деп есептейміз. Біз Қазақстанға 1994 жылы келдік. Көрсетіп отырған қолдауыңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Біз Қазақстанның әлеуеті мен болашағына сенеміз. Ел алдына қойылған міндеттер жете ойластырылған әрі сараланған деп санаймыз, – деп атап көрсетті «Ситигруп» компаниясының бас атқарушы директоры.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар