Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 маусым 2015
Елбасы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысуға келген «Гленкор Интернешнл» компаниясының бас атқарушы директоры Айван Глазенбергті қабылдады

Кездесуде компанияның Қазақстан индустриясын дамытуға қатысуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қарастырылды.

 

Кездесуде компанияның Қазақстан индустриясын дамытуға қатысуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қарастырылды.

Мемлекет басшысы компанияның еліміздегі кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеп, экономиканың дамуына оң ықпал етіп отырғанын атап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев компанияның Жәйрем тау-кен байыту комбинатын меншігіне алуының маңыздылығын, оның айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.

А.Глазенберг Жәйрем кенішін одан әрі дамыту компанияның шикізаттық базасын кеңейтуге мүмкіндік беріп, қорғасын-мырыш саласының ұзақмерзімді тиімділігін арттыруға ықпал ететініне тоқталды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар