Жаңалықтар

12 маусым 2015
Елбасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады

 

Кездесу барысында Қазақстан мәдениетінің, атап айтқанда, бейнелеу өнерінің қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды.

Мемлекет басшысы отандық сурет өнерін дамытуға қосқан К.Муллашевтің елеулі үлесіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, суретшінің туындылары Қазақстанда ғана емес, таяу және алыс шетелдердің көрмелеріне де қойылған.

Қазақстан Президенті елдің дәстүрлі мәдени және рухани құндылықтарын сақтау мен бұдан әрі танымал ету қажеттігіне назар аударды.  

К.Муллашев өз кезегінде Мемлекет басшысына мәдениет пен өнерді дамыту мәселелеріне ұдайы қамқорлық пен жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтып, шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар