National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

2016 жылғы 30 қыркүйек

Кездесуде А.Есімов Мемлекет басшысына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және биыл жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Қазан айында павильондар – халықаралық қатысушыларға, ал тұрғын-үйлер делегация мүшелеріне берілетін болады.

Бұдан бөлек, А.Есімов 103 ел мен 17 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатынын растағанын айтты. Секциялардың 98 комиссары тағайындалды. Халықаралық ұйымдармен қоса, 82 ел көрмеге қатысатыны туралы келісімшартқа қол қойды. 61 мемлекет Ұлттық күнін өткізу үшін нақты датаны броньдады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің