Жаңалықтар

17 қыркүйек 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады

 

Кездесу барысында Г.Марченко Қазақстан Президентіне еліміздің қаржы саласындағы, атап айтқанда, банктік сектор мен валюта нарығындағы жағдай туралы баяндады.

- Валюта нарығындағы және банктік сектордағы жағдай тұрақты күйінде қалып отыр. Бізде Ұлттық қор мен алтынвалюта активтерінің өсуі жалғасуда – бүгінде олардың жиынтық көлемі 85 миллиард долларды құрайды. Еліміздегі инфляция деңгейі айтарлықтай жоғары емес және 4,7 пайызды құрайды, - деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесін одан әрі реформалау және мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында іске асырылатын жобаларды қаржыландыру кезінде қаржы институттарының қаражатын пайдалану  жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар